jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Одан әрі құмар болып кеттім": сәнді киінгенді ұнататын 83 жастағы қария желіде жұлдыз болды (видео)

Тілеуғали Сатыбалдиев
Тілеуғали Сатыбалдиев. Фото: tiktok.com/@atashka_toke

TikTok желісінде 83 жастағы қазақстандық қария жұлдызға айналды. Тілеуғали Сатыбалдиев әлеуметтік желіде әдемі киім үлгілерін көрсетіп, немерелерімен қызықты ролик түсіреді, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, бала кезінен сәнді киінгенді жақсы көретін, бүгінде желіде қалай сәнді киінуді насихаттап жүрген қарияның видеосы көпшіліктің көңілінен шыққан.

Себебі, Тілеуғали Сатыбалдиевтің видеолары TikTok желісінде миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.

Ал қартқа TikTok-қа видео түсіруді немерелері үйреткен. Олар алты ай бұрын жұбайынан айырылған атасының көңілін осылайша ауламақ болған.

"Екінші немерем көркемдік училищесін бітірген. "Мынаны киіңіз, мынаны шешіңіз, бүйтіңіз, сүйтіңіз" деп сол мені құмар еткен. "Сізді бір миллион адам қарапты" деді алдында. Одан кейін "2 миллион қарапты" дейді. Таңғалып, одан әрі құмар болып кеттім.

Мен киімді өзім таңдаймын. Әйелім болған уақытта да көп кеңес берген жоқ. Бала кезімнен өзім жыртылып қалғанын тігемін. Өзіме келістіріп аламын. Жалпы мақсатым танымал болу емес, өмірімді мәнді өткізу", - дейді Тілеуғали Сатыбалдиев.

Айта кетейік, қарияның түсірілім және монтаж жұмыстарына немерелері көмектеседі.

"Одан әрі құмар болып кеттім": сәнді киінгенді ұнататын 83 жастағы қария желіде жұлдыз болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.