jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбедегі екі жігіттің өлімі: ұсталған 13 күдіктінің арасында түнгі клуб директоры да бар

қолы кісендеулі адам
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде денесі Елек өзенінің жағасынан табылған екі жігіттің өлімі бойынша ұсталғандардың арасында түнгі клуб директоры да бар, деп хабарлайды polisia.kz.

Медиа порталдың жазуынша, Ақтөбе облысының полиция департаменті 26 қазанда Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Бұл іс бойынша күдіктілердің барлығы ұсталып, соттың қаулысымен қамауға алынған.

"Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар, ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап арыз берілді", – делінген Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарламасында.

Сонымен қатар ведомсто қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта облыстық полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары тексерілетінін атап өтті. Бұл ретте құзыр орган түнгі клубта азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардың сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына назар аударатынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін 26 қазан күні Ақтөбедегі Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылғаны және оларды қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бары хабарланған еді.

Ақтөбедегі екі жігіттің өлімі: ұсталған 13 күдіктінің арасында түнгі клуб директоры да бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.