Жамбыл облысында қаза болған ҰҚК қызметкері өлімінің жай-жапсары айтылды

Опубликовано:

ҰҚК формасы
ҰҚК қызметкері. Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Асқар Айтбаевтың өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының полиция департаменті ҰҚК қызметкері Асқар Айтбаевтың көз жұмғанын хабарлаған еді.

Алайда полицейлер марқұмның өліміне не себеп болғанын нақтыламады, тек ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары ҰҚК қызметкерінің теміржолда жазатайым оқиғадан қаза тапқанын жазды.

Телеарнаның анықтауынша, оқиға күндіз қала мектептерінің бірінің маңында болған. Ер адам жеңіл көлік пен жүк пойызының арасында қалып қойған.

Куәгерлердің айтуынша, 41 жастағы Асқар Айтбаев көліктің жолаушылар отыратын орнында отырған. Көліктің өзі темір жолдың жанында тұрған. Бір кезде пойыз жүріп кетіп, көлікті жанап өтіп, есіктерін жұлып кеткен. ҰҚК қызметкері оқиға орнында қаза болған.

Телеарна, дегенмен құқық қорғау органдары бұл жайтты оқыс оқиға деп, мән-жайды айтудан бас тартқанын атап өтті.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995132-zambyl-oblysynda-qaza-bolgan-uqk-qyzmetkeri-oliminin-zai-zapsary-aityldy/