Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаңа аудан құрылатыны рас па: әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Шағын ауыл
Шағын ауыл. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында жаңа аудан құрылатыны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Бұл хабарламаға қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Еңбекшіқазақ ауданын екіге бөліп, жаңадан Шелек ауданын құру көзделіп отырғанын айтуда.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Еңбекшіқазақ ауданын бөлу мәселесі қаралып жатқан жоқ және күн тәртібінде де тұрған жоқ. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салғым келеді", дейді әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының неліктен екіге бөлінгенін түсіндірген еді.

Президенттің сөзінше, бұл жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін жасалған, өйткені облыс аумағы тым үлкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995402-almaty-oblysynda-zana-audan-qurylatyny-ras-pa-akimdik-zauap-berdi/

pixel