Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікті тізгіндеп, тігінмен де айналысады: "Күміс жас" жобасының қатысушылары өзінің сүйікті ісі туралы айтты

Опубликовано:

Серік Жарылғапов
Фото: Серік Жарылғаповтың жеке мұрағатынан алынған

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас» қазақстандықтарға зейнетақы алдындағы жылдары сұранысқа ие маман болуға және сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беруде.

60 жастан асқан кезде жұмыс табу өте қиынға соғуы ықтимал. Павлодар облысы Достық ауылының тұрғыны Серік Жарылғапов зейнетке енді шығар 63 жасында жұмыссыз қалды. Жұмыспен қамту органдарына хабарласа тұрып, мардымсыз жалақыға келісуге дайын болғанымен, жауапты естіп көңілі жадырады. Ол «Күміс жас» жобасы аясында туған ауылындағы шаруа қожалығына жүргізуші болып жұмысқа орналасты.

Бүгінде жаңа жүргізуші туралы тек жақсы лебіздер айтылуда. Кейіпкеріміз міндетіне жауапкершілікпен қарап, тиянақты еңбек етуде. Тиісінше әріптестері мен басшылығының құрметіне ие. Кәсіпорын тәжірибелі маман-жүргізуші тапса, Серік Сәтпайұлы сүйікті жұмысымен қауышты.

«Күміс жас» жобасының басқа қатысушысы - алматылық Сарқа Зәкірова да өзінің кәсіби дағдылары мен тәжірибесін тың кәсібінде кәдеге жаратуда. Жас кезінен бастап ол кесте тігуді ұнататын, сондықтан мамандық таңдау уақыты келгенде, еш күмәнданбады. Алматыда жеңіл өнеркәсіп техникумын «Тігін өндірісінің технологы» мамандығы бойынша бітіріп, көптеген жылдар бойы «1-ші мамыр» тігін фабрикасының филиалында жұмыс істеді. Бірақ отбасылық жағдайына байланысты жұмыссыз қалды.

"Егде тартқан 60 жаста жұмысқа орналасу қиын. Көз жанарым да бұрынғыдай өткір емес, тез шаршайсың. Жұмыс берушілердің жас әрі пысық адамдарды іздейтіні белгілі", - дейді Сарқа Абылайқызы.

Жұмыссыз ретінде ол 2022 жылдың 15 тамызында тіркеліп, сол күні-ақ Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа жолдады. Қазір Сарқа Зәкірова «Інжір» мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігінде тігінші болып еңбек етеді. Жаңа жерде Сарқа Абылайқызы өзіне ұнайтын дүниеге ден қоя алады, ал «Інжір» бірлестігі үлкен тәжірибесі бар шебермен толықты.

«Күміс жас» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде зейнеткерлік жасқа дейінгі (зейнеткерлікке дейін 2 жыл) адамдарға арналған.

Жобаға қатысушылар үшін еңбек орындарын жұмыс беруші жергілікті жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп құрады. 12 ай ішінде жаңа қызметкер жоба аясында жұмыс істейді, содан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.

9 айда Қазақстанда «Күміс жас» жобасына 2233 адам қатысты. Алматы облысында – 480 адам, Түркістан облысында – 409, Жамбыл облысында – 242, Қарағанды облысында – 176, Ақтөбе облысында – 142 адам жұмысқа орналастырылды. Қызылорда облысында 118 «Күміс жас» буыны, Қостанай облысында – 109, Ақмола облысында – 101 аға буын өкілі жұмыс тапты.

Ұлттық жоба аясында «Күміс жастан» басқа әртүрлі жастағы және әлеуметтік санаттағы жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесудің түрлі шаралары көзделген.

Мысалы, 29 жасқа дейінгі жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты (түлектер үшін, оларға жұмыс орнында зейнетке шығуға дайындалып жатқан аға қызметкерлер тәжірибе береді)», «Жастар тәжірибесі (мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін уақытша жұмыс орны ретінде)» жобалары бар. Жұмыссыздар үшін бос жұмыс орындарына, уақытша – әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға орналастыру сияқты бағыттар бар. Сонымен қатар, оқыту мен жаңа мамандық алудың бірнеше бағыты қарастырылған – білім беру мекемелерінде жұмыс берушінің сұранысы бойынша, тікелей жұмыс орнында және enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту.

Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау жеке бағыт болып табылады. Оның шеңберінде «Бастау Бизнес» бизнес жүргізу негіздеріне оқыту және өз ісін ашуға өтеусіз грант беру көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995533-kolikti-tizgindep-tiginmen-de-ainalysady-kumis-zas-zobasynyn-qatysusylary-ozinin-suiikti-isi-turaly-aitty/

pixel