jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде баласын бейтаныс адамдарға тастап кеткен ана табылды

Баласымен сурет салып отырған ана
Баласымен сурет салып отырған ана. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде кішкентай ұлын бейтаныс адамдарға тастап кеткен ана табылды. Әйел полицияға өзі келіп, мән-жайды айтып берген деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

"Әйелдің айтуынша, ол баланы бейтаныс адамдарға қалдырып, жұмыс орнынан жалақысын алуға кеткен. Жолда танысымен кездесіп, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен.

43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша хаттама толтырылды", - дейді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік полицейлер 3-4 жас шамасындағы ұл баланың ата-анасын іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.

Ақтөбеде баласын бейтаныс адамдарға тастап кеткен ана табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.