Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтада кеншілері қаза тапқан компания келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін

Опубликовано:

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы
"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы. Фото: "КТК" арнасы скриншот

Қарағанды облысындағы шахтасында бес кенші қаза тапқан "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін. Экология министрлігі кәсіпорынға қатысты талапты күшейтпек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметінше, компания осыған дейін экологияға зиян келтіргені үшін үнемі үлкен айыппұлдар төлеп келген. Соңғы үш жылда оның көлемі үш миллиардқа жеткен. Алайда әлі орындалмаған талаптар бар. Мұнда қоршаған ортаны ластайтын қалдық мөлшерден көп шығарылады. Соған байланысты экологтар да талапты күшейткелі отыр.

КТК арнасының айтуынша, министр Серікқали Бірекешев компанияға нақты қандай талап қойылатынын айтпаған. Осыған дейін "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы өз аумағында тексеру жүргізуге рұқсат бермеген. Ал орын алған жарылыстан кейін экологтарды кіргізетін болып шешкен.

"Миллиардтың үстінде айыппұл дайындап жатырмыз. Былтыр 30 пайызға лимиттерін азайттық. Биыл тағы да 250-ден 210 мыңға дейін азайтуды жобалап отырмыз. Олар келіспеген күнде, жаңа министр айтқандай, рұқсат бермеуге дайынбыз", - деді Қазақстан Республикасы экологияны реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995858-saxtada-kensileri-qaza-tapqan-kompaniya-kelesi-zylga-ekologiya-ruqsatyn-ala-almauy-mumkin/

pixel