Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" - "Қайрат" матчы кезінде футбол жанкүйерлері өзара қақтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Футбол жанкүйерлері
Футбол жанкүйерлерінің қақтығысы. Видеодан кадр: t.me/egovpress

"Ақтөбе" және "Қайрат" командалары арасындағы футбол матчы кезінде жанкүйерлер арасында кішігірім қақтығыс болды. Дегенмен полиция қызметкерлері жанжалдың одан әрі өршуіне жол бермеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жергілікті полицияға сілтеме жасап.

6 қарашада "Ақтөбе" және "Қайрат"командалары арасында футбол матчы өткен болатын. "Ақтөбе" командасын қолдау үшін 12 мыңнан астам жанкүйер жиналған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, матч кезінде футбол жанкүйерлері арасындағы кішігірім қақтығыс болған. Алайда мәселе дер кезінде шешіліп, тәртіп бұзылмаған.

"Жанкүйерлер эмоцияларға бой алдырып, балағат сөздер айтты, полицейлер олармен профилактикалық әңгіме жүргізді", - дейді полиция өкілдері

Сондай-ақ полиция департаменті еліміздің футбол федерациясы тарапынан аталған жайтқа қатысты шешім қабылданатынын атап өтті.

Одан бөлек, желіде қақтығыстың видеосы пайда болды. Айта кетейік, ойын 4:1 есебімен "Ақтөбенің" жеңісімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995958-aqtobe-qairat-matcy-kezinde-futbol-zankuierleri-arasynda-qaqtygystar-boldy-video/