Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны артты

Опубликовано:

жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы бүгін қала орталығында екі қоғамдық автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендерге қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"17 адам түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаларға жеткізілді. Жалпы, жол апат салдарынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды", - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы.

Еске сала кетейік, Алматыда бүгін, 8 қарашада Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі қоғамдық автобус соқтығысып, ірі жол апаты болды.

Жол апатына қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, 98 және 201 бағыттағы автобустар соқтығысып, салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Сондай-ақ құзырлы орган алдын ала мәлімет бойынша тағы 15 адамның зардап шеккенін мәлім етті.

Кейін желіде жол апатының видеосы пайда болды. Кадрдан автобустардың көше қиылысына бір мезгілде жеткенін, содан кейін соқтығысқанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996266-almatyda-eki-avtobus-soqtygysqan-zol-apaty-zardap-sekkender-sany-artty/