Таяуда Алматы және Қонаев қалаларының арасында электр пойызы қатынай бастайды

Опубликовано:

электр пойызы
электр пойызы: pixabay.com

11 қарашадан бастап Алматы және Қонаев қалалары арасында электр пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған болатын. Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді.

Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.

Электр пойызы құрамында жалпы 175 жолаушы сиятын 3 вагон бар. Тасымалдауды "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында бұрын Алматы мен Қонаев қалары арасында қатынаған электр пойызын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996285-turgyndar-endi-almatydan-qonaev-qalasyna-elektr-poiyzymen-qatynai-alady/