Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің казиноға барғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

ойынхана
Ойынхана. Көрнекі фото: pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы прокуратурасының желіде пайда болған құжатына қатысты пікір білдірді. Құжатта Антикор қызметкерлерінің де казиноға барғаны туралы жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Хатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш қызметкерінің ойынханаға барғаны айтылады. Бірінші жағдайға қатысты жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, аталған тұлғалардың бірі өзге өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұған дейін жұмыстан босатылған қызметкері екені анықталды. Ойынханаға барған кезде жекеменшік ұйымда жұмыс істеп жүрген", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Ведомство екінші жағдайда қызметкердің ресми жедел-іздестіру іс-шараларына байланысты казиноға барғаны анықталғанын атап өтті. Жауапта сондай-ақ қызметкердің ойын үшін ақша төлемегені және казинода 10 минут болғаны айтылады. Бұл бейнежазбаға арқылы расталып отыр дейді, Антикор өкілдері.

"Үшінші жағдайда, белгісіз біреудің ойынханаға барып, сол уақытта басқа қалада қызмет бабымен жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкерлерінің бірінің жеке мәліметтерін бергені анықталды. Жалған сөйлеу фактісі фото және бейнежазбалармен расталды. Қазір казино әкімшілігі ішкі қызметтік тексеріс жүргізуде. Тұлғаның жеке басы анықталып жатыр", - деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қол қойған құжат жарияланған еді. Онда бірнеше облыстың түрлі мемлекеттік органдарының 305 қызметкері қызмет барысында құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсағаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996612-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmet-qyzmetkerlerinin-kazinoga-baruy-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/