Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура қазақстандық шенеуніктердің казиноға 500 млн теңгеден астам қаражатты салып жібергенін анықтаған

Опубликовано:

Ойынхана
Ойынхана. Көрнекі фото: pexels.com

Прокурорлар бірқатар мемлекеттік қызметкердің ойынханаларға барғанын және олардың мұндай қызметке жұмсаған шығыны өздерінің жалақысына сай келмейтінін анықтаған. Құқық қорғаушылар бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлап қойған.

Таяуда журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қол қойған құжат жарияланды. Онда бірнеше облыстың түрлі мемлекеттік органдарының 305 қызметкері қызмет барысында құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсағаны айтылған.

Сондай-ақ құжатта ойынханаларға барған кейбір мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөні, ұтылған сомалары көрсетілген.

Аталған құжаттың шынайы екенін прокуратура Sputnik Қазақстан тілшісіне растаған.

"Біз бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқпыз. Бізге хабарламалар түсе бастады, біз фактіні растадық, өйткені бұл заң бұзушылықтар казинолар мен ойын автоматтары залдарын тексеру кезінде анықталды.

Расында да аталмыш факті бойынша түрлі мемлекеттік органдарға хат жолданды. Әр ведомство өз қызметкерлерімен жеке айналысып, тиісінше қабылданған шаралар туралы бізге хабарлауы керек", - дейді басылымға Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Мақсат Әбиров.

Сондай-ақ прокуратура ойынханаға жұмсалған шығындар мемлекеттік қызметкерлердің нақты жалақысына сәйкес келмейтінін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993679-prokuratura-qazaqstandyq-seneunikterdin-oiynxanaga-500-mln-tengeden-astam-qarazatty-salyp-zibergenin-anyqtagan/

pixel