Алматыдағы екі автобустың қатысуымен болған жол апаты: автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жарияланған күні:
Алматы орталығы – Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында соқтығысқан автобустардың бірінің жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 11 қарашадағы шешімімен күдікті А.-ны екі айға, яғни 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін қамауға алу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында екі маршруттық автобустың қатысуымен болған жол апаты 8 қараша күні болды. Қала көшелерінде 98 және 201 автобустар соқтығысты.
17 адам қалалық ауруханаларға жеткізілсе, тағы бір адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Жедел жәрдем келгенше бір адам қайтыс болды, ол тасымалдаушы компания – "City Bus" ЖШС-нің тағылымдамадан өтушісі болып шықты.
Сондай-ақ, тоғыз адам қалалық ауруханаларға жағдайы орташа ауырлық деңгейде жатқызылды, қалғандары тексерілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің арасында 9 жасар бала да бар.
Екі автобустың соқтығысқан сәтінің видеосы да шықты. Кадрлардан автобустардың қиылысатын көшелермен жүріп, қиылысқа бір мезгілде дерлік жеткені, содан кейін соқтығыс болғаны байқалады.
Кейін полиция жол апатының егжей-тегжейін жариялап, автобустардың бірі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін айтты. Сондай-ақ автобустардың бірінің жүргізушісі есте сақтау қабілетін жоғалтқаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996781-almatyda-adam-olimimen-ayaqtalgan-zol-apaty-avtobustardyn-birinin-zurgizusisi-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.