jitsu gif

Белгілі дінтанушы қазақтың қалың малын "махр" деп қабылдауды сұрады

Гүл ұстаған қалыңдық
Қалыңдық. Көрнекі фото: Pexels.com

Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир жүргізген Нұрлан қажы Байжігітұлы "махрге" соңғы үлгідегі iPhone сұрайтын қыздарды сынап, қазақтың беретін қалың малы махр екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үнемі қоғамдағы жағдайлардан мысал келтіріп, дін мен дәстүр туралы уағыз айтып жүрген дінтанушы тікелей эфир кезінде "махр" тақырыбын қозғады.

Дінтанушыға оқырмандардың бірі "Үйленгенімізге төрт жыл болды. Күйеуім "махр" сыйлығын алып берген жоқ. Осыған не дейсіз?" деген сауал жолдады.

"Жолдасыңыз сізге үйленгенде қалың мал берсе, "әйелім" деп құрметтеп, алақанына салып отырса, мәселе іздеп не қыласыз. Махр төбелеске айналып, ертең жаңа iPhone 15 шығып, сол үшін ажырасып кетпеу керек.

Қазақтың беретін қалың малы – махр. Қазір әр жерден бірдеңе оқып алғандар махр бөлек, қалың мал бөлек деп дауласып жүр. Дұрыс емес. Бүйректен сыйрақ шығарудың керегі жоқ. Сізге жақсы күйеу болғанының өзі "махр" деп есептеп кешіре салыңыз.

Таң қаламын, шариғаттан ештеңе білмейміз, бірақ "махрды" жақсы білеміз. Қалтасында 5 теңге жоқ, бірақ бәрі тоқал алғыш", – деп түйді ойын Нұрлан Байжігітұлы.

Ардақ Ерубаева

Белгілі дінтанушы қазақтың қалың малын "махр" деп қабылдауды сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.