Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

ауа райы
Жауынды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК жексенбі, 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары болады деп күтілуде, ал Астанада қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін термометр бағанасы +7...+9 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді.

Метеорологиялық қызмет Астана тұрғындарына қар мен жаңбыр жауатынын және жел күшейетінін ескертеді. Бүгін елордада ауа температурасы +1...-1 градус аралығында болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 м/с болады.

Шымкентте синоптиктердің болжауынша, жауын-шашынсыз, ауа температурасы+6...+8 градус, желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар аймағында 13, 14 және 15 қарашада дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996916-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel