jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таразда "Жасыл желек – жердің көркі" экологиялық жобасы аясында тал егілді

Ағаш егу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмысы - үнемі күн тәртібіндегі мәселе. Бүгін "Біз біргеміз" монументі маңындағы саябаққа "Жасыл желек – жердің көркі" экологиялық жобасы аясында тал отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Шаһардың 14 мөлтек ауданының айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көп жылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.

Тараз қаласы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бұл талдардың барлығы - Тараздың климатына бейім ағаштар.

ағаш отырғызу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Экологиялық іс-шараға Тараз қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері және ​ "Жасыл ел Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері де атсалысты.

Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.

тал отырғызу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі де шешілген. Бұл аумақта екі су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілді.

Тараз қаласы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Алдағы уақытта да осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр.

Тараз қаласы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары өз жалғасын табады.

Таразда "Жасыл желек – жердің көркі" экологиялық жобасы аясында тал егілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.