Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңына дейін барамын": Бақытгүл Хаменова соттағы соңғы сөзін айтты

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова сот залында
Бақытгүл Хаменова сот залында. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменова соттағы сөзін айтты. Хаменова өзіне тағылған айыпты әлдекімдердің қолдан ұйымдастырған әрекеті деп есептейтінін мәлімдеді. Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады.

"Менің және Рысқалиев пен Адамовтың айғақтары бойынша сот жеке қаулы шығаратынына және нәтижесінде осы "қылмыстық істі" ойдан шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалатынына сенгім келеді. Мені ақтауды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін және өзімнің кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын", - дейді Хаменова.  

Сондай-ақ басылымның хабарлауынша, "Балқыту" ЖШС басшысы Адамов соттан жазасын айыппұлмен немесе қоныс коллонясында өтеу түріне жеңілдетуді, отбасылық жағдайын айтып, зейнеткерлік жасын ескеруді өтінген.

Ал Ақылбек Рысқалиев кәмелетке толмаған төрт баласының барын және бұрын-соңды істі болмағандығын айтып, денсаулығына байланысты ұсынылған медициналық құжаттарды назарға алуды сұраған.  

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін дайындау мен орнатуға келісім жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен сотталып жатыр. Тағы бір адамға пара берді деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін Ақылбек Рысқалиев өзінің алғашқыда берген жауабын өзгертіп, Хаменованың параға қатысы жоқ екенін жеткізді. Ол бәрін "Антикордың" нұсқауымен жасағанын мәлімдеді. Экс-шенеунік сотта Хаменованың кінәсіз екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997063-sonyna-deiin-baramyn-baqytgul-xamenova-sottagy-songy-sozin-aitty/

pixel