Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

Опубликовано:

Үшемнің анасымен сәбилерімен
Үшемнің анасымен сәбилерімен. Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада №2 Көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Үшемнің әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген.

Бастапқыда сәбилер бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлердің назарында, жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болған.

Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғысын жеткізді.

"Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз", - дейді үшемнің анасы Марал Соппек.

Үшемнің ата-анасы - Сәбит пен Марал да медицина қызметкерлері. Отағасы - тіс дәрігері, ал Марал жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді.

Жұбайлар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Еске сала кетейік, бұған дейін есімдері ел президентінің атымен аттас ақтаулық жасөспірімдер жайлы жазған едік. Қасым мен Жомарт болашақта дипломат болуды армандайды. Бүгінде олар бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997124-astanada-qasym-zomart-zane-kemel-esimdi-usem-duniege-keldi/

pixel