Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар жауып, жел күшейеді: сейсенбіде еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын
Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК өкілдері сейсенбі, 15 қарашада Қазақстанның үш қаласында да – Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады, термометр бағаны +8...+10 градусты көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.

Астанада қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы -1 градустан +1 градус аралығын көрсетсе, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кейде 17-22 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Шымкентте де дәл осындай ауа райы күтілуде. Мұнда да қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бірақ үшінші мегаполисте елордаға қарағанда +6...+8 градус жылы болмақ.

Еске салайық, бұған дейін алматылық құтқарушылар дауылдық ескертуге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997160-qar-zauyp-zel-kuseiedi-seisenbide-elimizdin-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel