Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйімде отырмын": Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты (видео)

Опубликовано:

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов. Видеодан кадр: Facebook/Құдияр Біләл

Желіде жазушы Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне өткізіп жібергені" жайлы жалған ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты жазушының өзі пікір білдірді. Ол шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқандарды сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жазушы қарттар үйінде емес, өз үйінде отырғанын видеоға түсіріп, желіде өзі туралы жалған мәлімет таратқан адамдарға ренішін білдірген. Бейнежазба Құдияр Біләлдің Facebook парақшасында пайда болды.

"Мен өз үйімде отырмын. Осы үйде менің толып жатқан кітаптарым, әртүрлі адамдармен бірге түскен суреттерімнің бәрі тұр. Сондықтан мен туралы жалған ақпарат таратқандарды мен кешірмеймін, оларды керек болса сотқа беремін. Менің әйелім Ханшайым Бүгінқызы мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Әйелімнің арқасында құдайға шүкір осылай аман-сау келе жатырмын. Менің абыройымды төккен адамды керек болса халықаралық сотқа беремін", - дейді Мұхтар Шаханов.

Айта кетейік, бұған дейін жазушы Құдияр Біләл Facebook парақшасында Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне өткізіпті жіберіпті" деген жалған ақпарат тарағанын жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997286-uiimde-otyrmyn-muxtar-saxanov-ozi-turaly-zalgan-aqparat-taratqandardy-sotqa-beretinin-aitty-video/

pixel