Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қала маңындағы кейбір автобус бағдарларының қозғалысы тоқтатылды

Опубликовано:

қыс кезі
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Қарағанды ​​тас жолы бағытындағы қала маңы автобустарының қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды "City Transportation Systems" ЖШС ресми Instagram парақшасында.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын), Қарағанды тас жолы бағытында қатынайтын қала маңы бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тасымалдау қызметі қалған қала маңы бағдарлары қозғалысына шектеу қойылмағанын атап өткен.

Айта кетейік, бүгін Астанада қар жауып, жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін күшейетін жел тұрады. Ауа температурасы -4...-6 градус болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997338-astanada-qala-manyndagy-keibir-avtobus-bagdarlarynyn-qozgalysy-toqtatyldy/

pixel