Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК сайлау күніне жоспарланған жаппай тәртіпсіздіктің алдын алғанын хабарлады

Опубликовано:

Тәркіленген қарулар мен шыны бөтелкелер
ҰҚК қызметкерлері тәркілеген қарулар мен шыны бөтелкелер. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдағы жексенбі, 20 қараша күніне жаппай тәртіпсіздікті жоспарлап, ұйымдастырмақшы болды деген күдікпен жеті адамды ұстады. Бұл туралы департаменттің ресми сайтында хабарланды.

"2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен алдағы жексенбі, 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Арнайы операция нәтижесінде 7 адамның ұсталғаны айтылған.

Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған.

Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланған", – дейді ҰҚК мамандары.

Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен "Молотов коктейльдерін" лақтыра отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерін физикалық жоюды жоспарлаған.

"Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған", – деп қосты ведомство өкілдері.

Күдіктілер ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы ҚПҚ 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997652-uqk-sailau-kunine-zosparlangan-zappai-tartipsizdiktin-aldyn-alganyn-xabarlady/

pixel