Қызылордада қоғамдық көліктердің қатары жаңа автобустармен толықты

Опубликовано:

Автобустар
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылордада қоғамдық көліктердің қатары жаңа автобустармен толықты. Тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтаған Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов жаңа қоғамдық көліктер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттылған маңызды қадам екенін атап өтті.

Автобустар
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Жалпы, қызылордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту ешқашан назардан түскен емес. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға 1 млрд 434 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Игі істің нәтижесі ұлттың ұлық мерекесі - Республика күні қарсаңында 40 дана автобус қалаішілік бағыттарға қосылса, бүгін қала тынысына серпін берген, экологиялық таза, ең бастысы мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы автобустардың екінші легі, яғни 42 данасы келіп, игі іс жалғасын тауып отыр.

Кездесу
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

​Соңғы үлгідегі заманауи автобустар жаңадан қосылған №19 және №20 бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Кездесу
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

​Қоғамдық көліктердің кілтін табыстау рәсімінде қала әкімі Асылбек Шаменов:

“Жыл соңына дейін қалған автобустар әкелініп, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоба нақты жемісін береді”, - деді.

Автобустар
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

​Ел игілігіне, бұқара жұрттың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқа да ілкімді істер жалғасын таба бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997787-qyzylordada-qogamdyq-kolikterdin-qatary-zana-avtobustarmen-tolyqty/