Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақтияр Байсейітовке іздеу жарияланды

Опубликовано:

Бақтияр Байсейітов
Бақтияр Байсейітов. Фото: t.me/antikornews

Бақтияр Байсейітовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Telegram-каналында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және Iri building жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021 жылдары Қаратау кенішінде (Түркістан облысы Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Тергеу барысында Байсейітов Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны Iri building жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лоббилендіріп отырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, "Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы "Қаратау" кеніші бойынша 6,2 миллиард теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасқан.

"Байсейітов Iri building жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған", - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын 320 милилон теңгеден асқан.

"Қазіргі уақытта Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды. Оның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - делінген хабарламада.

Агенттік Байсейітов туралы ақпаратты 1424 немесе +7 (7172) 909 260 нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.

Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997904-baqtiyar-baiseiitovke-izdeu-zariyalandy/

pixel