Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адамды құтқарып, кейін көз жұмған Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Опубликовано:

Асқар Забикулин
Асқар Забикулин. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанадағы көпқабатты үйден шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған Асқар Забикулин соңғы сапарға аттанды. Желіде әріптестерінің марқұмды шығарып салу сәтінен видео жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отпен арпалысып, өзгенің тағдырын аман алып қалған өрт сөндіруші Асқар Забикулинді әріптестері соңғы сапарға шығарып салды", - делінген жазбада.

Сондай-ақ, бейнежазбада марқұммен қоштасуға Көкшетауға 150 әріптесінің келгені айтылған.

Ал видеода бірнеше көліктің марқұмды соңғы сапарға шығарып салғаны, ал әріптестерінің сап түзеп, құрмет көрсеткені байқалады.

Айта кетелік, Асқар Забикулин 1994 жылы туған. Ол Астанадағы өртте үш адамды құтқарып, өзі үш күннен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның артында жұбайы және екі баласы қалған.

Желі қолданушылары марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998429-us-adamdy-qutqaryp-keiin-koz-zumgan-asqar-zabikulindi-zaqyndary-songy-saparga-sygaryp-saldy-video/