Астанада өрт сөндіруші қайтыс болған тұрғын үйдегі өрттің шығу себебі айтылды
Жарияланған күні:
Астанада ағымдағы жылдың 16 қарашасында Бауыржан Момышұлы даңғылы 14 бойынша "Кахарман" тұрғын үйінде өрт орын алды. Өрттен тұрғындарды құтқару кезінде өрт сөндіруші Асқар Забикулин өз өмірін құрбан еткен болатын, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, тұрғын үйдегі өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулықтың болуы.
"Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамау болып табылады.
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды ұсынады. Осыған байланысты, тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саналы жауапкершілік көрсетуді ұсынамыз", - деді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, бірнеше адам ауруханаға түскен болатын. Олардың арасында отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп, бес адамды құтқарған өрт сөндірушілер де бар.
Кейін өрт сөндірушілердің бірі - Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екені, екінші науқастың жағдайы орташа дәрежеде екені белгілі болды.
20 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігі дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанын, алайда Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қала алмағанын жеткізді. Оны жақындары мен әріптестері, достары марқұмды ақтық сапарға шығарып салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998677-astanada-ort-sondirusi-qaitys-bolgan-turgyn-uidegi-orttin-sygu-sebebi-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.