jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің төрт облысында жол жабылды

Тас жол
Тас жол. Фото: Рexels.com

Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Қарағанды облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қар жауып, бұрқасын болғандықтан жолдар жабылды. Қазір жол қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАвтожолдың ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада ауа райының нашарлауына байланысты Астана уақытымен сағат 18.30-дан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелері жабылғандығы айтылған. Атап айтсақ:

Абай облысында:

"Алматы – Өскемен" тас жолының Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі; Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін; Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін жол жабық.

Сондай-ақ, "Таскескен – Бақты" тас жолында (0-184 шақырым) көлік қозғалысы шектелген, бұл жолдың Таскескен ауылынан Бақты ауылына дейінгі бөлігі.

"Омбы – Майқапшағай" тас жолының Семей қаласынан Көкпекті ауылына дейінгі бөлігі жабылды.

Жетісу облысында:

"Алматы – Өскемен" тас жолының Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабық.

Шығыс Қазақстан облысында:

"Алматы – Өскемен" тас жолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі учаскесі жабылды.

Сондай-ақ "Өскемен – Шемонаиха" (105-123 шақырым) тас жолының бір бөлігі жабылды. Яғни ол Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жолдың бөлігі.

"Сағат 19.00-ден бастап жүк және қоғамдық көлік үшін "Қарағанды Балқаш" тасжолында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Желіде 60 арнайы техника жұмыс істейді. Қажет болса, арнайы техниканың саны көбейтіледі", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, ҚазАвтоЖол өзінің тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 қысқа нөмірі бойынша бірыңғай call-орталық жұмыс істейтінін ескертеді.

Еліміздің төрт облысында жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.