Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Lexus көлігі қағып кеткен бес оқушының жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Оқиға орнынан
Оқиға орнынан. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында рұқсат етілмеген жерден өткен бес баланы 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі қағып кеткен болатын. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомстваның мәліметінше, өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына барып, жол-көлік апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайын білген.

"Қазіргі таңда 9, 10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Ал 13 жастағы жасөспірімнің денсаулығы орташа деңгейде. Ол аурухананың травматология бөлімінде емделуде. Балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген", - деді Өмірзаө Ниязбеков.

Айта кететіні, бесінші оқушы алғашқы медициналық көмектен соң оқиға орнынан үйіне қайтарылған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы облысында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі 5 жасөспірімді қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999088-almaty-oblysynda-lexus-koligi-qagyp-ketken-bes-balanyn-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel