Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апаттан соң мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

Мектеп
Мектеп. Фото: pexels.com

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апаттан соң мектептерде 28 қараша күнгі сабақ тоқтатылды. Оқушылар үшін сабақ онлайн форматта өтетін болады, деп хабарлайды Екібастұз қаласының білім бөліміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, мектептерде сабақ тек бір күн ғана яғни 28 қарашада тоқтатылады.

Сонымен қатар бұл күні балабақшалар да өз жұмысын тоқтатады.

"Оқиғаға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бұл балалардың денсаулығын сақтау үшін уақытша қабылданған шешім. Жылу жүйесіндегі ақау жақын арада қалыпқа келтірілетін болады", - деп хабарлады Екібастұз қаласының білім бөлімі.

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұздағы 25 мектепте 21 мыңнан астам бала білім алады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Екібастұз тұрғындарының жылусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал кешірек Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagram парақшасында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен перзентханадағылар эвакуацияланатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999123-ekibastuzda-zylu-elektr-ortalygyndagy-apattan-son-mektepterde-sabaq-uaqytsa-toqtatyldy/

pixel