Астанадағы заңсыз митингіні ұйымдастырушы сот санкциясымен 15 тәулікке қамауға алынды
Жарияланған күні:
26 қараша күні елордада заңсыз митинг өтті. Ұйымдастырушыға митингті рұқсатсыз өткізді және полицияның талаптарына бағынбады деген айып тағылды. Соттың санкциясымен ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы сотының ресми сайты.
Елорданың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Әбиевке қатысты екі істі қарады.
Бірінші іс бойынша бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұза отырып, рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырып, өткізсе (7-бөлім) ӘҚБтК-нің 488-бабы), екінші іс бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған (ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі).
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Әбиев 26 қараша күні Астана қаласының жергілікті атқарушы органынан рұқсат алмай, Қорғалжын тас жолының бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Оның айтуынша, ол ел басшылығының назарын ауыл шаруашылығын дамыту жобасын ертерек қарауға аудару мақсатында бейбіт митинг ұйымдастыруды жөн көрген.
"Ол заңға қайшы әрекет жасамағанын айтып, бейбіт жиын өтетіннен бір күн бұрын қала әкімін алдағы іс-шара туралы хабардар еткенін айтты. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындамады", – делінген сот хабарламасында.
Қазақстан заңнамасының нормаларына сәйкес пикеттер, жиналыстар, митингілер нысанындағы бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарламаны ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға белгіленген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
"Бірінші факті бойынша сотта Әбиевтің жергілікті атқарушы органға хабарлама бермегені анықталды. Осылайша Әбиевтің бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды. Екінші факті бойынша видеодан көрініп тұрғандай, Әбиев полицейлердің тәртіпті сақтау туралы бірнеше рет қойған талабына жауап бермей, рұқсат етілмеген шеруге қатысуды тоқтатудан бас тартты", – деп түсіндірді сот өкілдері.
Сонымен бірге Әбиевтің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы нақты мәліметтермен, бейне жазба және істің басқа да материалдарымен анықталды. Осылайша, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбиевті жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, екі құқық бұзушылық бойынша да 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999262-astanadagy-zansyz-mitingini-uiymdastyrusy-sot-sanuciyasymen-15-taulikke-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.