Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Опубликовано:

Қарлы боран соғып тұрған тас жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында бүгін, 28 қараша күні сағат 19:00-ден бастап 30 градустан төмен аяз болады деп күтілуде. Осыған байланысты аталған өңірлердің жолдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ресми сайтында.

Компанияның ресми сайтында айтылғандай, бүгін, 28 қараша күні сағат кешкі 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.

"Республикалық трассаларды пайдаланушылардан маршрутты алдын-ала түзетуді, алыс сапарға шықпауды және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауды сұраймыз!

Егер қандай да бір жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуға кеңес береміз", – делінген компанияның хабарламасында.

Еске салсақ, Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Яғни, 29-30 қараша күндері елімізде суық солтүстік антициклон әсері сақталатыны, 43 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999267-qazaqstannyn-eki-oblysynda-tas-zoldar-zabyldy/

pixel