Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық олигархтың бетіне түкірдім": депутат Ерлан Саиров телеарна эфиріндегі әрекетін түсіндірді

Опубликовано:

Ерлан Саиров
Ерлан Саиров. Фото: facebook.com/e.sairov

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров палата кулуарында мемлекеттік арна эфиріндегі өзінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Депутат Екібастұздағы төтенше жағдай туралы сұхбат кезінде жерге түкірген болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Саиров мәжіліс кулуларында журналистерге бірінен соң бірі істен шыға бастаған Қазақстандағы жылу электр стансаларына қатысты мәселелерді шешуге байланысты көзқарасын айтты. Атап айтқанда, олигарх Александр Клебановқа тиесілі Екібастұз жылу электр орталығы туралы сөз болды.

Әңгіме барысында журналистер оның мемлекеттік арна эфиріндегі әрекетін осы стратегиялық нысандарды иемденіп, оларды осындай күйге жеткізген барлық олигархтың бетіне түкіру деп қабылдау керек пе деген сауал қойды.

"Әрине", – деді, қысқа қайырып Ерлан Саиров.

Еске салсақ, дүйсенбі күні мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мемлекеттік арнаның тікелей эфирінде Екібастұздағы жағдайға байланысты сөйлеген сөзінде жерге түкірген болатын.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоны құқық қорғау органдары зерттегенін хабарлады.

"Қоғамдық орындарды ластау фактісі бойынша аталған азаматқа қатысты ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі ("Қоғамдық орындарды ластау" – ред. ескерт.) бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады облыстық полиция.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды, саябақтарды, алаңдарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол құқық бұзушылық 10 АЕК (30 630 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999611-barlyq-oligarxtyn-betine-tukirdim-deputat-erlan-sairov-telearna-efirindegi-areketin-tusindirdi/