Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутатына мемлекеттік телеарна эфирінде түкіргені үшін айыппұл салынды

Опубликовано:

Халық қалаулысы
Ерлан Саиров. Фото: Facebook/Ерлан Саиров

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мемлекеттік телеарна эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкірген. Депутатқа айыппұл салынды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz Telegram арнасы хабарлады.

Бұл жайт Екібастұз қаласындағы жағдайды талқылау кезінде тікелей эфирде болған. Тележүргізушімен әңгіме барысында Ерлан Саиров көшеде жерге түкірген.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған видеоны зерттегенін мәлім етті.

"Жалпы пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999460-mazilis-deputatyna-memlekettik-telearna-efirinde-tukirgeni-usin-aiyppul-salyndy/

pixel