Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда ЖЭО-дағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Екібастұз
Екібастұз қаласы. Көрнекі фото: Павлодар облыстық прокуратурасының ресми сайты

Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

Ведомство 30 қараша күні Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркегенін хабарлады. Ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Апат салдарынан бірнеше ондаған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылудан ажыратылып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланды. Білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды.

"Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды", – деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999627-ekibastuzda-zeo-dagy-apatqa-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel