Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы көшеге марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріледі

Опубликовано:

Асқар Забикулин
Асқар Забикулин. Фото: Астана әкімдігі

Астана көшелерінің біріне марқұм болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі берілмек. Тиісті шешім ономастикалық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана ономастикалық комиссиясының отырысында Есіл ауданында (Үркер ТМ) орналасқан Е-583 көшесінде адамдарды құтқарып, өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімін беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Асқар Забикулиннің есімін батыр қызмет еткен №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне беру, мекеме алдына оның бюстын орнату ұсынылды.

Сонымен қатар, Асқар Забикулиннің естелік суретін Астана қаласының А.Пушкин көшесінде орналасқан "Құтқарушылар саябағындағы" ақпараттық тақтаға орналастыру туралы шешім қабылданды. Бұл саябақта бұрын қайтыс болған құтқарушыларды еске алуға арналған ақпарат орналастырылған. 

Еске салайық, 16 қараша күні елордада Бауыржан Момышұлы даңғылындағы пәтер өртенген болатын. Оқиға кезінде екі өрт сөндіруші зардап шекті, олар күйікпен ауруханаға жеткізілді. Келесі күні өрт сөндірушілердің бірі – Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Бірнеше күннен кейін Асқар Зәбикулин ауруханада қайтыс болды.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған өрт сөндірушінің құрметіне Астанадағы бір көшеге атау беруді тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999811-astanadagy-kosege-marqum-ort-sondirusi-asqar-zabikulinnin-esimi-beriledi/

pixel