Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Көрнекі
Өрт сөндіру қызметкерлері. Көрнекі фото: pexels.com

Елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 10:43-те өрт сөндіру бөлімшелері Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайындағы пәтердің өртенгені туралы шақыруға шыққан.

"Өрт сөндірушілер шақыру орнына үш минутта жетті. Онда 15 қабатты үйдің 11-қабатындағы 50 шаршы метрлі пәтерді алапат өрт шалып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кірісті. Өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болған. Осылайша, 5 адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 26 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де болған.

"Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өрт орнына баруды айтарлықтай қиындатқанын атап өткіміз келеді. Өрт шыққан сәтте әр секунд маңызды, сондықтар автокөлік иелерінен кіреберіс жолдарды бөгемеуді сұраймыз", - дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997410-astanada-kopqabatty-uiden-ort-sygyp-3-adam-auruxanaga-tusti/