Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылу маусымына дайындықты тексеру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті: қандай тапсырмалар берілді

Жарияланған күні:

жылу жүйесі
Жылу жүйесі. Көрнекі фото: pixabay.com

1 желтоқсанда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

Отырыс барысында үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылған.

Жиын қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілген:

  • үш күн ішінде барлық энергия нысаны кешенді, соның ішінде техникалық жағдайына қарай қауіптілік тұрғыдан топтарға бөлу. Неғұрлым осал жылу электр орталықтары мен жылу желілері бойынша меншік иелері, әкімдіктер мен министрліктер арасында бірінші кезекте атқарылатын іс-әрекет жоспарын дайындау;
  • өңірлерде жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың іс жүзінде дайындығын тексеру үшін жедел топтар құру;
  • Қаржы министрі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әрбір заңды тұлғаның тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасына талдау жүргізіп, капиталды сыртқа шығару ықтималдығын тексеру;
  • уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейтіп, жылумен және электрмен қамтамасыз ететін нысандардың меншік иелерінің жауапкершілігін арттыру үшін салалық заңдар мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін өзгерістер әзірлеу.

Айта кетейік, мемлекет басшысымен тапсырмасымен Екібастұздағы ЖЭО-дағы апаттан кейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеретін арнайы комиссия құрылған болатын.

Комиссияға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999837-zylu-mausymyna-daiyndyqty-tekseru-zonindegi-komissiyanyn-algasqy-otyrysy-otti/