Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы 166-орында": әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат және ең арзан қалалардың тізімі жарияланды

Опубликовано:

Нью-Йорк. Көрнекі сурет
Нью-Йорк. Көрнекі сурет: pixabay.com

Британдық Economist журналының сараптама бөлімі өмір сүру деңгейі ең қымбат және арзан қалалардың тізімін жариялады. Онда 2022 жылы қымбат қалалар тізімінде Нью-Йорк пен Сингапур көш бастаса, Алматы арзан қалалардың тізімінде 166 орында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ВВС-ға сілтеме жасап.

Әлемдегі өмір сүру деңгейі қымбат қалалар рейтингісін әзірлеген Economist Intelligence Unit басылымының мәліметінше, дүниежүзіндегі 172 ірі қаладағы өмір сүру деңгейінің көрсеткіші бір жылда 8,1 пайызға қымбаттаған. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш соңғы 20 жылдағы ең жоғарысы болып отыр.

Мамандардың пікірінше, өмір сүру деңгейінің қымбаттауына Украинадағы жағдай, Қытайдағы пандемиядан кейінгі аухал себеп болған.

Айта кетейік, былтыр әлемдегі өмір сүру деңгейі қымбат қалардың көшін Тель-Авив қаласы бастаған еді. Биыл Израильдің ірі қаласы үшінші орында. Ал сарапшылар биыл әлемнің ең қымбат қаласы ретінде Нью-Йорктің тіркелуін АҚШ-тағы доллар курсының жоғарылауымен және жоғары инфляциямен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ басылым өмір сүру деңгейі ең арзан қалалардың да тізімін жариялады. Биыл әлемдегі ең арзан қала ретінде Сирия астанасы Дамаск қаласы тіркелген.

Аталған тізімде Алматы Ташкент пен Тунисті артқа тастап, 166-орынға тұрақтаған.

2022 жылғы рейтинг бойынша әлемдегі ең қымбат 10 қала:

  • 1. Нью-Йорк
  • 2. Сингапур
  • 3. Тель-Авив
  • 4. Гонконг
  • 5. Лос-Анджелес
  • 6. Цюрих
  • 7. Женева
  • 8. Сан-Франциско
  • 9. Париж
  • 10. Сидней
  • 10. Копенгаген.

2022 жылғы рейтинг бойынша әлемдегі ең аразан қалалар:

  • 161. Коломбо
  • 161. Бангалор
  • 161. Алжир
  • 164. Ченнаи
  • 165. Ахмедабад
  • 166. Алматы
  • 167. Карачи
  • 168. Ташкент
  • 169. Тунис
  • 170. Тегеран
  • 171. Триполи
  • 172. Дамаск.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999880-almaty-166-orynda-alemdegi-omir-suru-dengeii-en-qymbat-zane-en-arzan-qalalardyn-tizimi-zariyalandy/

pixel