Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы жылу электр орталығындағы апат: 48 үй жылуға қосылды

Опубликовано:

Жылу желілеріне жасалып жатқан жөндеу жұмыстары
Екібастұзда жылу желілеріне жөндеу жүргізілуде. Фото: Т.me/KZgovernment

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жұмыстарын бақылау үшін Екібастұз қаласында жұмысын жалғастырады. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram-арнасындағы хабарламада белгілі болды.

Үкімет хабарламасында жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізетіндігі айтылған.

"Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада, яғни онда 261 адам бар, жұмыла жұмыс істеп жатыр.

3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Үкіметтің хабарлауынша, қалпына келтіру жұмыстарының барысы оның қадағалауы мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екені айтылған.

Сонымен қатар, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болатыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000028-ekibastuzdagy-zylu-elektr-ortalygyndagy-apat-48-ui-zyluga-qosyldy/

pixel