jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Қырау басқан жеміс ағашы
Қырау басқан жеміс ағашы. Фото: Рexels.com

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемметеоқызметінің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамынша, 4 желтоқсанға қараған түні Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 15-20 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғуы ықтимал.

Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран күтіледі. Күндіз облыс орталығында жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Мамандар осы күні Абай өңірінің батысы мен солтүстігінде, орталығында да қарлы боран болады деп болжап отыр. Ал облыс орталығындағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

4 желтоқсан таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Синоптиктер бүгін Жетісу облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді деп есептейді. Оның екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жексенбі Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Күндіз тау асуларында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Бүгін таңертең Шымкентке де тұман түсуі мүмкін.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.