Астанада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқуға көшті
Опубликовано:

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымда оқитын 0-6 сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының Instagram парақшасы.
"2022 жылдың 5 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады”, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылған болатын. Қарағанды мен Теміртау қалаларының бастауыш сынып оқушылары да қашықтан оқуға көшті.
Еске салсақ, бүгін синоптиктер Астанада күндіз -19-дан -21 градусқа дейін қатты аяз болады деп уәде еткен болатын. Жауын-шашын күтілмейді, бірақ көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000150-astanada-ekinsi-auysym-oqusylary-da-qasyqtan-oquga-kosti/