Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда ТЖ режимі қашан алынады

Опубликовано:

Екібастұздағы жөндеу жұмыстары
Екібастұздағы жөндеу жұмыстары. Фото: Т.me/KZgovernment

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қаладағы төтенше жағдай режимі қашан алынатыны туралы брифингте айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері қалада ТЖ режимі қашан алынатынын және облыс орталығына эвакуацияланған тұрғындар өз үйлеріне қашан орала алатынын сұрады.

"ТЖ режимі бойынша – барлық жұмыстар аяқталған кезде тиісті шешім қабылданады", — деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ, ол бүгін Балаларды қолдау орталығы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанын, оның қамқорлығындағылар бұрын Павлодарға эвакуацияланғанын хабарлады.

"Бізде (облыс орталығына — ред.) ауыстырылған оқушылар көп емес. Бізде Балаларды қолдау орталығы бар, сол жақтан 35 адам ауыстырылды, бүгін БҚО бойынша жұмыстар аяқталды, жылу берілді, жақын арада ғимарат жылынған соң біз балаларды қайтарамыз. Онда балалар тұрады", — деді ол.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да бірнеше қазандық агрегаттарының тоқтауына байланысты қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Қалада ТЖ режимі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000256-ekibastuzda-tz-rezimi-qasan-alynady/

pixel