Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда бүгін таңда тағы бір жылу құбыры жарылған

Опубликовано:

Екібастұзда жылу құбырын жөндеп жатқан мамандар
Екібастұзда жылу құбырын жөндеп жатқан мамандар. Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет отырысында Екібастұздағы апатты жою жөніндегі штаб басшысы – премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы қазіргі ахуалды баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вице-премьердің айтуынша, Екібастұз қаласының 6, 5а және 5б шағын аудандарында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зақым келген нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

Сонымен қатар 6 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да №6 шағын аудандағы орамішілік жылу желісінде құбырының жарылғаны белгілі болған.

Апат орнына жөндеу бригадалары жіберілген. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлерге ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылған.

Жалпы құбырды сағат 14:00-де дейін жөндеу көзделген.

Айта кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Қазіргі таңда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000310-ekibastuzda-bugin-tanda-tagy-bir-zylu-qubyry-zaryldy/

pixel