Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жылап алдым": 8-қабаттағы баланы құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев Астанадағы су жаңа пәтеріне көшіп келді

Жарияланған күні:

Cәбит Шонтақбаев отбасымен
Cәбит Шонтақбаев отбасымен. Фото: Жетінші арна

2022 жылдың 11 мамырында Астананың сол жағалауындағы үйлердің бірінен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған қызылордалық Сәбит Шонтақбаев отбасын елордаға көшіріп әкелді. Бұл туралы Айбат жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Естеріңізде болса, Сәбитке үлкен ерлік көрсеткені үшін еліміздегі құрылыс компанияларының бірі үш бөлмелі пәтер сыйға тартқан болатын. Бүгінде Сәбит төрт баласы мен әйелі Әйгерімді су жаңа пәтерге көшіріп әкелді. Сәбиттің жаңа қонысы Астананың элиталы ауданында орналасқан.

"Балалардың болашағы үшін көшіп келдік. Астанада тұру көп адамның арманы ғой. Үй берген соң, жұмыс берген соң, көшіп келгеніміз дұрыс деп шештік. Балалардың осында тәлім-тәрбие алғаны дұрыс", - дейді Сәбит.

Ал бір күнде батыр атанып, бүкіл елге аты шыққан Шонтақбаевтың әйелі Әйгерім болса, жаңа үйге қоныс аударғанына өте қуанышты.

"Үйді жинап жүріп, бір жылап алдым. Өз үйім, өз төсегім. Өзіміздің отбасымыз. Қуаныш қой, енді...", - деп көзіне жас алды Айгерім

Сәбит Шонтақбаев "Локомотив" зауытында жұмыс істеп жүр. Ол әйелімен бірге төрт баланы асырап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000430-bir-zylap-aldym-8-qabattagy-balany-qutqaryp-qalgan-sabit-sontaqbaev-astanadagy-su-zana-paterine-kosip-keldi/