Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы ТЖ: Қала әкімі өз үйінде жылу бар ма деген сұраққа жауап берді

Опубликовано:

ЖЭО
Екібастұздағы ЖЭО. Фото: Екібастұз қаласы әкімдігінің ресми сайты

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин брифинг барысында өзі мен отбасы тұрып жатқан үй де жылу өшіп қалды ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қала әкімінің сөзінше, оның отбасы ешқайда кетпеген көрінеді.

"Менің отбасым тәулігіне 24 сағат бойы Екібастұзда. Осы қалаға көшіп келгелі бері, біз үш ай бойы ешқайда шықпадық", – деп түсіндірді ол.

Шаһар басшысының айтуынша, жылу оның үйінде де сөнген.

"Иә, жылу өшті, параметрлерді төмендету де болды, біз ол туралы айттық. Сонымен қатар біз тек маңызды ақауларды ғана айттық, одан бөлек, квартал ішкілік желілерде жылуды өшіру туралы шешім қабылдағанда, желі ішінде де кішігірім ақаулар болды", – деді ол.

Айта кетейік, Екібастұзда 27 қарашадан бастап жылу өшіп, қалада ТЖ жарияланған еді. Ал кеше өңірлік полиция департаменті ЖЭО учаске басшысының қайтыс болғанын растаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000440-ekibastuzdagy-tz-qala-akimi-oz-uiinde-zylu-bar-ma-degen-suraqqa-zauap-berdi/

pixel