Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасы корпоративтен шыққан": Қарағандыда бір жасар баланың саусақтары үсіп қалды

Опубликовано:

Баланың қолы. Көрнекі сурет
Баланың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда ауруханалардың біріне бір жасар баланың ата-анасы көмекке жүгінген. Олар сәбидің бір қолының саусақтары үсіп кеткенін айтқан, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан адамдарды үсік шалу дерегі көбейген. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 42 пайызға артса, қараша айынан бастап 40-тан аса адам дене мүшелерін үсіріп алған.

Мамандар олардың жартысынан астамы ауруханада ем алғанын айтады. Дәрігерлер мұндай азаматтардың 90 пайызға жуығы уақытылы дәрігер көмегіне жүгінбейді дейді. Нәтижесінде алты адамның аяқ-қолдарына ампутация жасауға тура келген.

"Облыс ауруханаларының біріне бір жасар баласы бар отбасы келген, олар бөбектің бір қолының саусақтары үсіп кеткенін айтқан. Ата-анасы корпоративтен қайтып бара жатып, баланың қолында қолғап жоқ екенін байқамаған. Абырой болғанда, ешқандай ота жасалмады, сәбидің қолын арнайы препараттарды егу арқылы сақтап қала алдық", - дейді ситуациялық орталық басшысы Ерік Шонбаев.

Еске салсақ, синоптиктер осы аптада ел бойынша 35 градусқа дейін аяз күтілетінін болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000445-ata-anasy-korporativten-syqqan-qaragandyda-bir-zasar-balanyn-sausaqtary-usip-qaldy/

pixel