Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылмыспен тең": Екібастұз әкімі қала тұрғындарына үндеу жолдады

Опубликовано:

Аян Бейсекин
Аян Бейсекин. Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин өз Instagram парақшасында қала тұрғындарына үндеу жариялады. Ол екібастұздықтарды суды рұқсатсыз, оңды-солды ағызбауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Қала әкімінің сөзінше, бұған дейін вице-премьер Романа Склярдың басшылығымен жедел штаб отырысы өткен. Онда қала тұрғындарының суды рұқсатсыз, оңды-солды пайдалану мәселесі де қаралған. Айтуынша, тұрғындар осы арқылы жылу тасымалдағыштың температурасын көтеруге тырысады. Аян Бейсекин шаһар азаматтарына бұған дейін де мұндай әрекетке бармауын ескерткен екен.

"Бұл (суды рұқсатсыз ағызу - ред.) заңсыз, ал ТЖ кезінде тіптен қылмыспен тең болып саналады. Сол себепті барлығыңызды тез арада бұдан бас тартуға шақырамын. Біз жеке үйлер секторын аралауды күшейтеміз, сол кезде суды рұқсатсыз төгу фактісі тіркелсе, тіпті жылу беруді шектеу сияқты қатаң шараларды қолға аламыз", — деді Екібастұз әкімі.

Аян Бейсекин сонымен қатар соңғы 9 күнде қаланың бірнеше ауданында жылу апатты түрде өшірілгенін мәлімдеді. Әкімнің сөзінше бұл магистаралды, квартал ішкілік және үй ішіндегі желілерді қалпына келтіруге нәтижесінде жылуды тең берумен байланысты болған.

Қазіргі таңда қала билігі жылу желілерінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, станция жұмысын тұрақтандыру үшін күш жұмылдырып жатқан көрінеді.

Әкім ұсынған хабарламаға сәйкес, көппәтерлі үйлердің ішінде бүгінде тек екі подъезд ғана жылусыз отырған көрінеді. Оларға бүгін жылу қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Аян Бейсекин тілшілердің оның өз үйінде де жылу сөнді ме деген сауалына жауап берген болатын.

Қала басшысының айтуынша, өзі мен отбасы да осы күндер бойы қалада, өз үйлерінде, жылусыз отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000452-qylmyspen-ten-ekibastuz-akimi-qala-turgyndaryna-undeu-zoldady/

pixel