Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр": Бүгін Екібастұздағы барлық үйге жылу берілді

Опубликовано:

Батарея
Батарея. Көрнекі фото: Рexels.com

Екібастұздағы жағдайға байланысты жедел штаб соңғы мәліметтерді бөлісті. 7 желтоқсан таңғы 08:00-дегі жағдай бойынша апат болған барлық үйлерге жылу берілген. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram арнасында жарияланды.

"Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды. Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр", — деп жазылған жедел штабтың хабарламасында.

Хабарламада қаладағы жылу жүйесін қалпына келтіру үшін Екібастұз ЖЭО бар күші жұмылдырылғаны айтылған.

Алайда гидравликалық режимді тең дәреже бермеу және ПИК пен тұтынушылардың суды рұқсатсыз ағызуы аталған жұмысты қиындата түсті, дейді жедел штаб өкілдері.

"Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз", деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған болатын.

Бұдан бөлек, бұған дейін қала әкімі тұрғындарға үндеу жасаған еді. Онда ол екібастұздықтарды суды рұқсатсыз ағызбауға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000466-zeo-stattyq-rezimde-zumys-istep-tur-bugin-ekibastuzdagy-barlyq-uige-zylu-berildi/

pixel