jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде біртіндеп аяздың беті қайтады деп күтілуде

Бұтада отырған құс
Қар. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидормет" РМК 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде біртіндеп аяздың беті қайтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болады, сондықтан ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде қарлы бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар күтіледі.

Сондай-ақ алдағы үш күнде елімізде біртіндеп аяздың беті қайтады деп күтілуде:

  • батыста түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз;
  • солтүстікте түнде 18-28 градусқа дейін, күндіз 12-17 градусқа дейін аяз;
  • орталықта және шығыста түнде 22-30 градусқа дейін, күндіз 13-20 градусқа дейін аяз болмақ;

Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25 градусқа дейін, күндіз 8-18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Алдағы күндері елімізде біртіндеп аяздың беті қайтады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.