jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Көп бекетте жоқ": Жамбыл облысында көлік жүргізушілері автогаздың тапшылығына шағымданды (видео)

көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам
Көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысындағы газ құятын бекеттердің көбінде сұйылтылған отын жоқ. Тек кейбір стансаларда талонмен ғана сатылып жатыр. Ал Тараз қаласының өзінде газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Себебі сырттан көгілдір отын іздеп келгендер осында ағылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның хабарлауынша, өңірдегі жеңіл көліктердің басым бөлігі көгілдір отынмен жүретіндіктен, бұл мәселе жергілікті халыққа оңай тиіп отырған жоқ. Сұйылтылған газ іздеген жүргізушілер отын табылған күннің өзінде кемінде 1 сағат кезекте тұруға мәжбүр.

"Қанша күн болды, іздеп таппай жүрмін. Мен қалаға жақын маңдағы ауылдан келіп тұрмын. Еш жерде газ жоқ. Былтыр да осындай уақытта газ болмады, сосын бағасын көтерді", – дейді тұрғын Қыдырбай Сағидуллаұлы.

"Бір айдай болып қалды, газ жоқ. Қалада кезекке тұрамыз. Үлгергенше аламыз", – дейді тағы бір тұрғын Досымбек Сазанов.

Сондай-ақ тағы бір тұрғын Асхан Рақышевтың айтуынша, көп бекетте газ жоқ, лимит бар.

"Бала шағамызды осы көлікпен асырап жүрміз. Мынандай кезекте күн суықта тұру да оңай емес", – дейді ол.

Телеарна тілшілері бұл мәселе бойынша облыс әкімдігіне қарасты Энергетика басқармасына жүгінген.

"Облыс әкімдігімен Энергетика министрлігімен бірлесе облысқа желтоқсан айына 5 мың тонна сұйылтылған мұнай газ бөлінген. Аталған сұйылтылған мұнай газы облыстағы 34 жекеменшік газ сатумен айналысатын мекемелер арасына бөлінген. Энергетика министрлігі тарапынан негізгі жеткізуші болып Ақтөбе облысында орналасқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" Ақ зауыты бекітілді. Аталған арақашықтықта бізге вагон цистерналар 10-14 күнде келеді", – дейді Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Мәулен Қожақов.

Телеарна жауапты адамдар алдағы күндері газ тапшылығы мәселесі шешілетінін айтқанын атап өтті.

"Көп бекетте жоқ": Жамбыл облысында көлік жүргізушілері автогаздың тапшылығына шағымданды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.